МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ РОБОТАТЕХНИКАДАН ОРТА АЗИЯҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ. » Ш.Әбенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
Абай облысы білім басқармасының
Абай ауданы білім бөлімінің
"Ш.Әбенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72252) 9-55-39
Есепші бөлімі:
+7(72252) 9-55-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ РОБОТАТЕХНИКАДАН ОРТА АЗИЯҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ.
30
январь
2024

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ РОБОТАТЕХНИКАДАН ОРТА АЗИЯҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ.

Ш.Әбенов атындағы орта мектептің оқушылары және Электротехникалық колледжінің студенттерінен құралған "ALASH" командасы Алматы қаласындағы Tamos мектебінде өткен робототехникадан FIRST Championship іріктеу чемпионатында 2 орын иеленді. Оқушыларға жетекшілік еткен информатика пәнінің мұғалімі Сыдықова Бақытжан Қабдоллақызы. Чемпионатқа еліміздің әр аймағынан және Өзбекстаннан келген командамен жалпы саны 38 мықты команда қатысты. Екі күнге созылған тартысты ойында жартылай финал мен ақтық бәсекеде команда пиксель жинау, турникте тартылу,  ұшақ ұшыру кезеңдерінен алға шықты. Жобаларын қорғау кезеңде "Феникс" роботы жаңашылдығымен ерекше көзге түсіп, жюри мүшелерінің назарына ілікті. Ол үшін жеке  марапатқа ие болды. Нұрікенов Ерасыл Айбекұлы  жетекшілік еткен "ALASH" құрама командасы Орта Азияға жолдама алды. 
Құрама командада колледж студенттері: Азамат Бейбітұлы, Нұрбол Жүнісов, Нестеренко Руслан, Бекжан Қорғанбаев, мектеп оқушылары:Сырымұлы Ералы, Асқарұлы Санжар, Оразбеков Елдар, Қайроллаев Жанболат.
Алдағы жарыстарға сәттілік тілейміз!